Әлі есімде, сол бір күн, әлі есімде, Әкем жатқан, ауырып қал үстінде, Өтерден бір күн бұрын, болған жағдай, Айтып ед, бір дұғаны, түн ішінде. Білмеймін, өңім бе әлде, түсім бе екен, Сол түні, сол дұғаны, естіген ем, Мен білер аяттарға ұқсамайтын, Дұғаны бұрын мұндай, естімеп ем. Арабша айтылғаны, анық еді, Құранның мақамын мен танып едім, Дұғаның мәнін білгім келсе дағы, Сұрауға бата алмай, қалып едім. Ертеңі, таң атқан соң үйге кеттім, Жұмыстан шақыртып ед, жедел жет деп, Түн іші телефонмен хабар жетті, «Жан әкең, өтті өмірден!» кері қайт,...