Бисмиллаһир-рахманир-рахим Ақшаның буы, Алланы ұмыт қылады, Көбейсе ақшаң, Нәпсіңе ұнап тұрады, Ақылға емес, Нәпсіңе ерсең бауырым, Иманың қашып, Жүрегің қаққа толады. Сорлы құл егер, Құмарта берсе әрнеге, Өзінен өзі, Келуі қиын тәубеге, Күнәңіз үшін, Жазасын дереу бермесе. Қияметке Алла, Қалдырды деп біл, ендеше. Жын-шайтан жүрер, Сенімен күнде арбасып, Құлшылық қылсаң, Ойыңа келер жармасып, Көрсетіп көзге, Жалғанның қызық-шыжығын, Намазда ойды бөледі, Шайтан – шын зұлым. Туыс пен дос, Алладан қорықсаң егерде, ...