Ей, Алла, саған сансыз шүкір, еттім!
Ей, Алла, саған сансыз шүкір, еттім!

Бисмиллаһир рахманир рахим

Ей, Алла, саған сансыз шүкір, еттім!
Ұрпағы ата-ананың болдым текті,
Өтірік, өсек, ұрлық бойыма жат!
Ешкімге залалы жоқ бір құл еттің!

Оны екі мүшемді де сау ғып бердің,
Тек «Шүкір» келіп тұрады айта бергім!
Өзіңді шексіз сүйген бір құл еткін,
Пайғамбар жақсы көрер бір үмбет қыл!

Достарым, туыстарым, таныстарым,
Ей, Алла жарылқай гөр, бұның бәрін!
Қимаймын мен баршасын тозақ отқа,
Сала гөр адастырмай тура жолға.

Өзіңе қайта-қайта дұға қылдым,
Үй ішім, балаларды аман қылғын,
Жыл сайын өзіңе арнап құрбан шалып,
Садақа шын көңілмен беріп тұрдым.

Келгелі мынау жалған дүниеге,
Дәл бүгін, қырық екі жыл толыпты,
Өзіңді тани алмай жүрген пендең,
Бүгінде шын мұсылман құл болыпты.

Сақтай гөр, қаптап жүрген секталардан,
Сақтай гөр, азғырушы жын-шайтаннан,
Нәпсімді шайтан келіп азғырғанда,
"Құтқар!" деп, тек өзіңе жалбарынам.

Қазір мен кей адамға шын таң қалам,
Сияқты бір өзіңнен рұқсат алған,
Зейнетке аман-есен жетсем егер,
Дейді олар, өзің үшін сәжде қылам.

Аллаһым иманға әкел кәрі-жасты,
Ата, апа, аға, бауыр, қарындасты,
Бұл жалған қас-қағымда өте шығар,
Өзіңді танып құлың, бағын тапсын!...

Есейұлы Нұрболат.
28.04.2015ж. жазылды. 02.05.2015ж. өңделді.

пайғамбар, Алла, шүкір, құл
НұрболатНұрболат
9 жыл бұрын 4470
1 пікір
Блог туралы
0
6817 27 64 8 28