Өлім
Өлім

Бисмилллаһир-рахманир-рахим

 

Мен ерте, «өлім» барын білген едім,

Айтайын, тыңдасаңыз мен себебін.

Дәл алты жарым жасқа келген кезде,

Бір сынақ өз басыма келген еді.

 

Ол кезде әкем менің Москваға,

Күз болып оқуына кеткен еді, 

Атамыз сырқаттанып жатса дағы,

Ажал келіп қалар деп күтпеп еді.

 

Бір күні үйде ойнап жүрген едім,

Әкеммен бірге туған ағам келді,

Жан атам ауылдағы қайтқан екен,

Естіртіп бізге соны жылай берді.

 

Әкемді алыстағы сағынсақ та,

Келгенше шыдаймыз деп жүрген едік,

Атамыз қайтыс болып кеткеннен соң,

Қорқыныш билеген бір күйге ендік.

 

Сол түні ұйықтайын деп жатқанымда,

Менде де, өледі екем! деп ойладым,

Өлімнің не екенін білмеуші едім,

Шын өксіп, өлгім келмей, көп жыладым. 

 

Анашым дыбысымды естіп қалып,

Неге жылап жатсың? деп сыбырлады,

«Мама, біз де өледі екеміз ғой!

Неге өлеміз, анашым? деп сұрадым.   

 

Е, балам келе ғой, деп құшақтады,

Бүгін, ертең өлеміз деп айтпады,

Мүмкін, мүлде өлмейміз деген шығар,

Әйтеуір, дәл есімде жұбатқаны...

 

...Иманды құл тағдырға мойынсұнад,

Ажал келсе қасқайып, ол қарсы алад,

Адамға қашан өлу маңызды емес,

Мұсылман құл боп өлу дұрыс болад.  

 

Егерде ақылға сап байқасаңыз,

Адамзат күніне бір рет ұйықтап тұрад,

«Ұйқы ол - кіші өлім» дейді, Алла,

Ажал барын күнде еске салып тұрад.

 

Осыны ұқ, құлшылық қыл, бауырларым,

Нәпсіге ере берме, ұл-қыздарым,

Мына өмір әп сәтте өте шығар,   

Кәпір боп, өліп кетсең, қор болғаның!

 

Есей Нұрболат.

 

ұйқы, өлім
НұрболатНұрболат
9 жыл бұрын 4268
0 пікір
Блог туралы
0
6817 27 64 8 28