Ассалаумағалейкум, бауырларым!
Ассалаумағалейкум, бауырларым!

Бисмиллаһир-рахманир-рахим

 

Ассалаумағалейкум, бауырларым!

Сендерге бір-екі ауыз сөз арнайын,

Дүниенің соңынан қуа бермей,

Құлшылық қыл, құлы боп бір Алланың.

 

Кейбірің сылтау қылып жұмысыңды,

Намазға уақыт жоқ деп, қашып жүрсің, 

Ал кейбірің тия алмай нәпсі-жынды,

Тозаққа күнә істер тасып жүрсің.

 

Келісем, нан тауып жеу оңай емес,

Харам тапқан малға Алла қайыр бермес, 

Адал еңбек, маңдай тер жұмсасаңыз,

Алла ырзық береді, ақың жемес.

 

Жұмыс ауыр, жаман деп, ойлама әсте,

Қаңдай жұмыс болса да адал істе,

Жақсы жұмыс табам деп жүргеніңде,

Жас та өтер, күш кетер жарар іске.

 

Кей адам жатпай-тұрмай жұмыс істер,

Ақшасы аз болса да қанағат деп,

Аллаға құлшылығын ұмытпайды,

Мақтаймын бұлар нағыз азамат деп.

 

Басшы, не бай болу, ол - мақсат емес,

Жалқау боп, қайыр сұрау дұрыс емес,

Білім ап, ғылымды игер, талаптанып,

Адал еңбек, маңдай тер – бекер кетпес.


Ақша үшін күнә іске арың сатпа!

Күнә іс апарады тозақ отқа!  

Маңдай тер төгіп тапқан адал ақшаң,

Кенелтер Алла жазса мол сауапқа!   

 

Есей Нұрболат.

02.05.2015ж.  өңделді.

адал, жұмыс, еңбек, бауырлар
НұрболатНұрболат
9 жыл бұрын 4882
1 пікір
Блог туралы
0
6817 27 64 8 28