Сыныптас
Сыныптас

Бисмиллаһир рахманир рахим

 

Сыныптас

 

Сыныптас,

Иә, халің қалай сыныптас?

Ешбір адам жоқ шығар, жастық шақты еске алмас.

 

Құрбылас,

Болдық кейде біз сырлас,

Отыз достың ішінде, болар біреу шын жолдас.

 

Шын жолдас,

Иә, шын жолдас,

Жауың қарсы шапқанда, жау өтінде қалдырмас.

 

Жан жолдас,

Иә, жан жолдас,

Нәпсіге еріп кетпесек, бізден жақсы жан болмас.

 

Ниеттес,

Иә, ниеттес,

Алладан шын қорыққандар, азғырғанға дес бермес.

 

Кластас,

Иә, кластас,

Құлшылық қыл Алла үшін, қу дүниеге болма мас...

 

Сыныптасың досқа айналса бақытың,

Тез өтеді бірге өткізген уақытың,

Қатар тұрып өтеген әр намазың,

Жаннат жаққа апаратын амалың.

 

Сыныптасың досқа айналса қуаныш,

Тойыңа ортақ, қайғыңа ол - жұбаныш,

Бар болса ол, шүкір етіп қуанад,

Жоқ боп қалса, қолда барын бере алад.  

 

Сыныптасың қас дұшпаның болса егер,

Бір Алладан болмас басқа дәнекер,

Қас болса да дұға қылып сұраймын,

Құрдасыма ынсап және иман бер.

 

Тәубе етіп тура жолға келсе егер,

Құшағымды айқара ашып құшармын,   

Қуаныштан «Алла ұлы!» деп айтып,

Қош келдің! деп екі қолын қысармын.

 

 

Есей Нұрболат.

20.05.2015ж.

жолдас, сыныптас, құрбылас, кластас
НұрболатНұрболат
9 жыл бұрын 5731
1 пікір
Блог туралы
0
6817 27 64 8 28