Қадір түнгі дұға
Қадір түнгі дұға

Бисмиллаһир рахманир рахим

 

Рамазан, кеше ғана, сияқты едің басталған, 

Қадір түн де келіп қалды, қабыл болар басты арман.

Рамазан келісімен, ішіп-жеуден тыйылып,

Оразаны бұзатұғын, тән қалауын тастағам.

 

Ей, Аллаһым, оразамда, кетсе қате-кемшілік,

Кешір өзің, мейрімің төк, маған жаса кеңшілік!

Барлық құлдың, бірдей емес, имандылық деңгейі,

«Оразамды қабыл қылшы» деген дұғам тек шындық.

 

Қасиетті Қадір түні бір өзіңнен тілерім,

Арам қаннан тазарсыншы жұдырықтай жүрегім,

Иманының қуаты артқан, тақуаның бірі қыл,

Пайғамбарды үлгі тұтқан, өзің сүйген құлың қыл.

 

Құтты болсын, келе жатқан Ораза айт - мерекең,

Отаныма, отбасыма, тілеймін тек береке.

Бұйрықтарын орындайық, көрсетілген Құранда,

Барлығыңның тілегіңді, қабыл етсін бір Алла!!!  

 

 

Есей Нұрболат.

14.07.2015ж.

НұрболатНұрболат
9 лет назад 7425
5 комментариев
О блоге
0
6817 27 64 8 28