Ей, пенде!
Ей, пенде!

Бисмиллаһир рахманир рахим

 

Ей, пенде!

Сыбыры бітпес шайтанға ерме,

Күнаға бастар нәпсіңе көнбе!

Нәпсіңнің егер құлы боп кетсең ,

Тозақта от боп жанарсың сен де!

 

Ей, пенде!

Бар болса егер басыңда сана,

Күнәмен өткен күніңе қара!

Тән менен жаның уланып бітті,

Осылай өлсең - боларсың нала!

 

Ей, пенде!

Алладан қорқып, ақылға келгін,  

Намазға бет бұр, Аллаға сенгін,

Айтқанын істе, тыйғаннан тыйыл,

Алланың жүзін келсе егер көргің.

 

Ей, пенде!

Құлшылық  қылып өмірден өткін,

Жаннатқа түсіп арманға жеткін!

Өлгенше шайтан азғырар бізді,

Бірі боп қалма адасқан көптің.      

 

Ей, пенде!

Ешкімге сенбе Алладан өзге,

Болады пана қиналған кезде,

Алламен егер тілдескің келсе,

Намазда жаса шынайы сәжде.

 

Ей, пенде!

Бармақтай болса басыңда миың,

Күнәңді тыйып, есіңді жыйғын!

Тәубеге кел де, өкіріп жыла!

Кешіре гөр! деп, Алладан сұра...

 

Е. Нұрболат.

12.06.2015ж.

НұрболатНұрболат
9 лет назад 3708
2 комментария
О блоге
0
6817 27 64 8 28
Прямой эфир