Харам тойдың зияны
Харам тойдың зияны

Кейбір қазақ, шашылып, той тойлайды,

Әрине оған ешкім де шек қоймайды,  

Көбі бірақ бақталасып басқамен,

«Асып түссем солардан!», деп ойлайды. 

 

Бар болса егер, жетіп тұрса тойласын,

Ысырапқа жол бермеуді ойласын,

Дастарханын адал асқа толтырып, 

Харам астан ештеңе де қоймасын.

 

Екі жасты үйлендірген ата-ана,

Тілеп тұрар ақ тілек пен батаны,

Харам ішіп айтсаң егер тілектер,

Қабыл болмай текке кетіп жатады.

 

Арақ алып беріп тұрсаң батаны,

Бар періште сізге қарғыс айтады,

Жас отауға берген бата дарымай,

Бір айдан соң ажырасып жатады.

 

Салдары тек осы болса жарайды,

Зияны оның бұмен тоқтап қалмайды,

Дүниеге сәби әкеп әкесіз,

Жесір қызың одан ары сорлайды.

 

Сәби өсер сезбей әке мейрімін,

Өксуменен өте берер әр күні,   

Көнеді ғой тағдыр солай болған соң,

Ержеткенше жеп қоймаса қайғы мұң...

 

 

Есей Нұрболат.

22.02.2016ж.

НұрболатНұрболат
8 лет назад 3630
3 комментария
  • Арман Бердалиннің мына өлең жолдары тұздық болсын:

    "Қолымызға арақ алаып, а Құдай,
    Ұл қызымды бақытты ет деп сұраймыз.
    Ұл қызымыз бақытсыз боп қалса егер,
    Саған Құдай не жаздым деп сұраймыз".

    8 лет назад
  • Өте жақсы өлең қазақ бауырым Алла аузыңа алты алашқа ақ жол салар аталы сөз сала берсін.
    8 лет назад
  • Жақсы әрі нақты айтылған. Арақсыз тойға көшуіміз керек!
    8 лет назад
О блоге
0
6817 27 64 8 28
Прямой эфир