Бисмиллаһир рахманир рахим
Сыныптас досым Еркінге арнаймын.
Ассалаумағалейкум! бала досым,
Ақылың асып туған, дара досым,
Көп жылдың жүзі болды көрмегелі,
Үй іші, бала-шағаң аман ба осы?
Сыртыңнан хабарыңды естіп жүрем,
Бұл күнде ғалым болдың халқың білген,
Спортта талай шыңды бағындырдың,
Иә, досым, ерекше едің, сен шынымен.
Бірге оқып, бір ойнаған досым өзің,
Есімде бала кезде айтқан сөзің,
Бір күні сұрап едім шыныңды айтшы,
Ең жаман, мені құртар, қай мінезім?
Сен айттың: шындықты айтсам ренжіме,
Мінің бар залал қылар, бір өзіңе,
«Өзін өзі мақтаған – өлгенмен тең»,
Мақтаншақ мінезіңнен құтылсаң жөн!
Деп, маған досым рас, сыр ақтарған,
Шындықты бетке айтқаны ұнап қалған,
Сол кезде бұл мінімді айтпағанда,
Бұл күнде құлар едім талай жардан.
Мақтанар жетістіктер боп жатса да,
Осы сөз еске түсіп сабыр қылдым,
Алламыз қалап саған айтқызыпты,
Ас-Сабур бір есімі Ұлы Алланың.
Иә, досым қарыздармын мен де саған,
Өзіңе жар болсыншы рақымды Аллам,
Алланың сүйген құлы болуыңды,
Қол жайып, мен сұрайын Рахманнан!
Есейұлы Нұрболат.
21.05.2015ж.