Сумама ибн Усаль
Сумама ибн Усаль
 
Бисмиллаһир-рахманир-рахим

Сумама ибн Усаль

«ЛәббайкАллаһумма ләббайк, ләббайка ләә шәрика ләкә ләббайк, инналхамда уанни’мәтә ләкә уалмулка ләә шәрика ләк».

«Аллаһым, мен сенің әміріңді орындауға келдім, сенің әміріңе бой ұсындым. Сенің серігің жоқ, сенің әміріңді орындау – менің борышым. Күмәнсіз барлық мадақ саған тән және жалпы иелік пен нығмет сенікі. Сенің еш серігің жоқ».

Хижраға алтыншы жыл толғанда,
Пайғамбарым үлкен істі қолға алды,
Алыс жақын елдің патшаларына,
Исламды қабылда деп хат жазды,

Хатты алған бұл патшалар ішінде,
Ибн Усаль – Сумама да бар еді,
Танысқан соң Пайғамбардың хатымен,
Сумамаға сұмдық жаман ой келді.

Дағуатымен бірге көміп жоқ қылып,
Пайғамбарды өлтіруге оқталды,
Шайтан оны бағындырып өзіне,
«Осы істі, бітір тез, деп», ой салды.

Неше түрлі жоспар құрды Сумама,
Ыза-кектен жарылардай боп алды ,
Бір ағасы айнытпаса бұл ойдан,
Арам ойы іске асуға шақ қалды.

Сумаманы ашу, ыза, кек буды,
Сол ызамен ек-үш асхабты өлтірді,
Пайғамбарым естіген соң бұл жайды,
Сумаманы өлтіруді жөн көрді.

Сол Сумама күндердің бір-күнінде,
Умраны өтемекке аттанды,
Өтер кезде Мединаның тұсынан,
Пайғамбардың сақшысына ұсталды.

Сумаманың кім екенін білмеді,
Тұтқын етіп Мединаға айдады,
Пайғамбардың мешітіне келген соң,
Оны мықтап бір бағанға байлады.

Хақ Пайғамбар Сумаманы көрген соң,
Асхабтармен кеңес құрды сол жерде:
«Білдіңдер ме, тұтқынның кім екенін?
Аты-шулы Сумама ғой бұл, пенде».

Сумамаға сендер жақсы қараңдар,
Тамақ ішпей, аш қалмасын байқаңдар.
Жаңа сауған түйе сүтін беріңдер!,
Деп бұйырды асхабтарға Пайғамбар.

Сумаманы сабасына түссін деп,
Мейірімнің не екенін сезсін деп,
Пайғамбарым сөйлеспеді екі күн,
Тек, үшінші күні оған келген ед(і).

Иә, Сумама көздегенің не? деді,
Құлақ сенде, сөзіңді айта бер, деді,
Ей, Мұхаммед рұхсат берсең айтуға,
Менің сізге айтар сөзім «бір» деді.

Мейлің өлтір, мейлің тірі қоя бер,
Ей, Мухаммед не істесең де ырзамын,
Өлтірсеңіз қанға-қан деп түсінем,
Кешірсеңіз мәңгі шүкір қыламын.

Тыңдасаңыз менің сізге айтарым,
Не шешсеңде, тезірек шеш, қылма ермек,
Ал егер де қаласаңыз мал мен пұл,
Уәде етем сұрағаның берем деп.

Тағы бір күн байқап оны көрейін,
Сәтін салса бір керемет болады!,
Деп Пайғамбар азды-кемді ойланып,
Сумаманы өз еркіне қояды.

Ертесіне Пайғамбарым келмеді,
Сумама да сабыр сақтап көнеді,
Тағы бір күн өткеннен соң Пайғамбар,
Сумаманың қалін келіп біледі.

Өткен жолдай Пайғамбарым қайталап,
Сумамаға қойған еді сұрағын,
Ал Сумама өзгертпестен бір сөзін,
Дәл өткендей қайталады жауабын.

Пайғамбарды бір қуаныш кернеді,
Сумаманың өзгергенін сезгенді,
Қол-аяғын шешіп оны босатып,
Шүкір қылсаң - кештім бәрін мен деді.

Пайғамбарға алғыс айтып Сумама,
Сөз сөйледі: сұрақ қойсам бола ма?,
Иә, айта бер, нені білгің келеді?
Жасқанбай-ақ, сұрақ сұрай бер, деді.

Иә, Пайғамбар ақылыңды бер, деді,
Умраны өтемек боп келгем-ді,
Соны енді өтейін бе, жоқ па әлде,
Дұрыстығын маған айтып бер, деді.

Умраны өтеуге жоқ қарсылық,
Алла өзі «бір» екені нақ шындық,
Тек құрбандық малды арна Аллаға,
Ұлы Алладан басқа ешкімге арнама.

Жүрегіне иман қонған Сумама,
Пайғамбарға шынын айтып жылаған,
Ей, Пайғамбар сенер болсаң сөзіме,
Имансыз боп сонау жүрген кезімде,

Ең жексұрын адам едің мен үшін,
Енді сенен жақсы адам жоқ, оным шын,
Исламды өте қатты жек көрдім,
Қазір көрмей тұрмын одан жақсы «Дін»,

Мединадай мынау сіздің қалаңыз,
Мен үшін бір жиіркенішті мекен ед,
Енді оның топырағын сүйемін,
Ол айналды ең сүйікті мекенге.
Сахабалар қанын бекер төктім мен,
Өткен іске қазір сондай өкінем,
Аямаспын енді сенің жауыңды,
Ұлы Алла атыменен ант етем.

Пайғамбарға уәде-ант берген соң,
Мекке жаққа сапар шекті Сумама,
«ЛәббайкАллаһуммаләббәйк..» зікірін,
Ең алғаш боп айтып кірді қалаға.

Бар дауыспен «Алла жалғыз!» деп айтып,
Сумамамыз қадам басты Қағбаға,
Мүшріктер оған жақын келгенде,
«Сиын!» деді, бәрің жалғыз Аллаға.

Мүшріктер оған таяп барады,
Өлтірмек боп қаруларын алады,
Сумаманы танып қалған кейбірі,
Қол жұмсауға қорқып тұрып қалады.

Себебі ол, Йамаманың патшасы,
Онда көп ед дүние, мүлік, ақшасы,
Бұны өлтірсек арты жаман болар деп,
Мүшріктер ақылдасып, тоқтасты.

Ей, Сумама бала болып кеттің бе?
Ата дінін тастадың ба, сен мүлде?
Деп үлкендер Сумамадан сұрады,
Сумаманың былай болды жауабы:

Бала болып кеткемін жоқ, біліңіз,
Мен ұнатқан бұл дінге, сіз кіріңіз,
Ислам діні әлемдегі тура дін,
Тура дінге кіргеніме қуандым,

Бәрің егер осы жолға түспесең,
Бұл Қағбаның иесіне ант етем,
Йамамаға аман-есен жеткен соң,
Қауымыңа астық бермей, аш етем.

Аллаһ үшін құрбан шалып Сумама,
Өз еліне мұсылман боп оралды,
Мүшрікке астық бермей қыспаққа ап,
Айтқан сөзде «Сумама ер» тұра алды.

Қиындады мүшріктер жағдайы,
Күтпеп еді Сумамадан мұндайды,
Сасқанынан мүшріктер амал жоқ,
Пайғамбарға арызданып хат жазды:

Сен түсінші мына біздің жағдайды,
Бұрын соңды көрмеп едік мұндайды,
Бірге туған ағайынды аяшы,
Сенен басқа болмай қалды жанашыр.

Сумамаға рұхсат берші Мухаммед,
Сеніменен қаны жақын туыс ек,
Халқың сенің өлгелі тұр аштықтан,
Деген сәлем Пайғамбарға жеткізед.

Мейрімі мол, кешірімшіл Пайғамбар,
Сумамаға өзі бұйрық береді,
Ал Сумама Пайғамбардың бұйрығын,
Екі айтқызбай орындапты, дейді елі.

Пайғамбарға және Аллаға адал боп,
Дүниеден мұсылман боп өтеді,
Шыққан кезде Мусайлама жалғаншы,
Соған қарсы жиһад жасап өткенді.

Өз халқына адаспауды үндеді,
Мусайлама елді алдап жүр деді,
Қайсы бірің ол жауызға ерсеңіз,
Қатал жаза сізді күтіп тұр деді.

Сумама ибн Усаль атты сахаба,
Алла сүйген көп құлдардың бірі еді,
Сахабаның өткен өмір тарихы
Аңыз болып ел аузында жүр енді.

Алла разы болсын саған Сумама
Ұжмақтың төрін берсін ұлы Алла,
Үлгі болар тарихыңды білсін деп,
Жырға қостым, қалаған соң бір Алла!

Есейұлы Нұрболат.
10.04.2015ж.

НұрболатНұрболат
10 лет назад 4699
4 комментария
  • Ademi
    10 лет назад
    • Көп рахмет, Қайрат бауырым. Блог жүргізу мүмкіндігін жасағандарыңыз дұрыс бопты. Алла разы болсын. Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер. Блогтарды сараптап отыруды өтінем. Дінге қайшы материалдар жарияланып кетуі мүмкін.
      10 лет назад
О блоге
0
6817 27 64 8 28