Осыдан он жыл бұрын, не он бір жыл
Осыдан он жыл бұрын, не он бір жыл

Бисмиллаһир  рахманир рахим

 

Осыдан он жыл бұрын, не он бір жыл,

Адасып жүрген құлдың біреуі едім, 

Құлшылық, ғибадатсыз жүрген кезде,

Алланың мейрімімен дінге келдім.  

 

Әуелден Алла барын білсем дағы,

Берілген бұйрықтарын білмеп едім,

Басыма қауіп-қатер төнген шақта,

Ей Алла! сақтай гөр деп жүрген едім.

 

Сол төнген қауіп-қатер өте шықса,

Ештеңе болмағандай ұмыт еттім,

Бәріде бір Алланың қалауымен,

Болары миымызға шын кірмепті.

 

Адамның көбі солай жасайтынын,

Құранға Алла өзі жазған екен. 

Көзді де, көңілді де соқыр қылып,

Жын-шайтан нәпсіңді кеп арбайды екен...

 

...Ең алғашқы өтеген бір намазым,

Ұмытқам жоқ мен оны, әлі есімде,

Намазын өтеп жүрген бір танысым,

Жүр мешітке намазға демесін бе!

 

Ұялдым, дайындық жоқ, деп айтуға,

Уәде берген едім мен алдында,

Тәуекел деп мешітке тартып кеттім,

Досым кетіп барады, мен артында.

 

Дәрет алу керек деді алдыменен,

Үйретті бәрін ырза көңілменен,

«Бисмиллаһ» деп айтып дұға қылып,

Біз кірдік мешітке нық адымменен.

 

Намаздан ол кезде еш хабарым жоқ,

Мен тұрмын оған қарап аң-таң болып,

Мында кеп қатарыма тұр! деді де,

Үндемей намаз бастап кетті оқып.

 

Екінті намазының уақыты екен,

Барлығы оны іштей оқиды екен,

Бұл неге үндемейді? деп ойласам,

Намазды іштей оқып тұрған екен...

 

...Содан бері Инш Алла өз шамамша,

Бес уақыт намазымды өтеп келем,

Намазға келуіме себеп болған,

Ініме бар ынтаммен дұға етем.

 

Ей Алла! кешіруші тек сен ғана,

Күнәсі болса кешір панаңа ал да,

Тек саған жалбарынып, сыйынайын,

Қорға оны жын-шайтан арбағанда!...

 

Есейұлы Нұрболат.

 

28.01.2015ж.

 

 

 

НұрболатНұрболат
9 лет назад 3865
0 комментариев
О блоге
0
6817 27 64 8 28
Прямой эфир