Бұл дүниеде не қайғы, не қайыр?
Бұл дүниеде не қайғы, не қайыр?

Бұл дүниеде не қайғы?

Тұрлауы жоқ қу дүние,

Соңынан қусаң сол қайғы!

Күнәлі істер көп жасап,

Күнәмен өлсең сол қайғы!

 

Бұл дүниеде не қайғы?

Ардақты ата-анаңыз,

Имансыз өтсе сол қайғы!

Аяулы бауыр, қарындас,

Қыршын жас кетсе сол қайғы!

 

Бұл дүниеде не қайғы?

Сүйікті ұл мен қыздарың,

Бетіңнен алса сол қайғы!

Адал деп жүрген жан-жарың,

Зина қып жүрсе сол қайғы!

 

Бұл дүниеде не қайғы?

Қамқоршы деген достарың,

Ор қазып жүрсе сол қайғы!

Адам боп келіп дүниеге,

Надан боп өлсе сол қайғы!

 

Бұл дүниеде не қайғы?

Бәрін айт та бірін айт,

Мұсылман болып туылып,

Кәпір боп өлсең сол қайғы!

 _____________________

Бұл дүниеде не қайыр?

Дүние боққа қызықпай,

Тақуа болсаң сол қайыр!

Күнәмді Алла кешір деп,

Құлшылық қылсаң сол қайыр!

 

Бұл дүниеде не қайыр?

Ата-анаңның жүрегі ,

Иманға толса сол қайыр!

Қарындастар, апалар,  

Ибалы болса сол қайыр!

 

Бұл дүниеде не қайыр?

Ұл-қыздарың ізетті,

Айтқанды ұқса сол қайыр!

Алла қосқан қосағың,

Адал жар болса сол қайыр!

 

Бұл дүниеде не қайыр?

Таныстар, достар, құрдастар,

Қолпаштап жүрсе сол қайыр!

Сүрініп кетсең өмірде,

Сүйеніш болса сол қайыр!

 

Бұл дүниеде не қайыр?

Бәрін айт та бірін айт,

Мұсылман болып туылып,

Иманмен өлсең сол қайыр!  

Есей Нұрболат.

19.05.2015ж.

НұрболатНұрболат
10 лет назад 5889
0 комментариев
О блоге
0
6817 27 64 8 28