Ақшаның буы
Ақшаның буы

Бисмиллаһир-рахманир-рахим

 

Ақшаның буы,

Алланы ұмыт қылады,

Көбейсе ақшаң,

Нәпсіңе ұнап тұрады,

Ақылға емес,

Нәпсіңе ерсең бауырым,

Иманың қашып,

Жүрегің қаққа толады.

 

Сорлы құл егер,

Құмарта берсе әрнеге,

Өзінен өзі, 

Келуі қиын тәубеге, 

Күнәңіз үшін,

Жазасын дереу бермесе.

Қияметке Алла, 

Қалдырды деп біл, ендеше.

 

Жын-шайтан жүрер,

Сенімен күнде арбасып,

Құлшылық қылсаң,

Ойыңа келер жармасып,

Көрсетіп көзге,

Жалғанның қызық-шыжығын,

Намазда ойды бөледі,

Шайтан – шын зұлым.

 

Туыс пен дос,

Алладан қорықсаң егерде,

Құлшылық қыл,

Өткізбе күнді бекерге,   

Адамның көзі,

Дүниеге еш тоймаған,

Ауырған шақта,

Ойларсың дүние бекер деп.

 

Дәм тұзың бітіп,

Көріңе барып жатқанда,

Қос уыс топырақ,

Көзіңді келіп жапқанда.

Дүние боқ,

Несіне сені сүйдім деп,

Көріңде жатып,

Өкінген бермес еш пайда.

 

Мүмкіндік бар,

Кеудеден жаның шықпаса,

Бүгінге дейін,

Алланың барын ұқпасаң,

Ей, Алла кешір!

Кешір! деп айт достарым,

Тәубеге кеп,

Мысын құрт шайтан-дұшпанның. 

 

 Есей Нұрболат.

 14.04.2015ж. өңделді.

НұрболатНұрболат
10 лет назад 5103
1 комментарий
О блоге
0
6817 27 64 8 28