Жекпе-жек шебері
Жекпе-жек шебері

Бисмиллаһир рахманир рахим

Каратэден сабақ берген ұстазым Аман Карменовке арнадым.

 

Кейбір кезде балалықты еске алып, 

Көз алдымнан өткізіп бір аламын,

Жекпе-жектің қыр-сырларын үйрену,

Болып еді бала кезден арманым.

 

Төртіншіде оқып жүрген кезімде,

«Партизанның соқпақтарын» оқыдым,

Қайсеновтің ерлігіне елігіп,

Менде батыр болғым келді, ол шыным.

 

Кореяның «Хон Гиль Донын» көргенде,

Жекпе-жекке одан ары қызықтым,

Секіретін ағаш таппай маңайдан,

Үй үстінен секіргенге мәз боппын!

 

Сол батырға ұқсаймын деп өзімше,

Неше түрлі жаттығулар жасадым,

Үй ішіне сырмақтарды жайып сап,

Акробатика игеруге жан салдым.

 

Нан турайтын сабы қоңыр пышақты,

Көп лақтырып дәл қадауды игердім,

Қолдан жасап екі таяқ «Нунчакты»

Айналдырып соғысуды үйрендім...

 

...Тоқсан бірде мектеппенен қоштасып,

Алматының «Нархозына» кеп түстім,

Тағы нені үйренсем деп жүргенде,

«Джит кун до» мен «Бокс» барын естідім.

 

Бұларменен шұғылдандым бір жылдай,

Ұнаса да мені онша тартпады,

Осылайша жүрген кезде бір досым,

Бір ерекше жекпе-жекке ап барды.

 

Бірінші күн жай қызықтап отырдым,

Не істеп жатыр, дым түсінбей отырмын,

Бір-бірімен төбелесіп жатқан жоқ,

Көлеңкемен төбелесіп жатқан көп.

 

 

Кейін білдім ол каратэ «ката»-сы,

«Го дзю рю» дей жекпе-жектің атасы,

«Ката»-ларды шын жақсылап үйренсең,

Жарыстарда жеңіс дәмін татасың.

 

Қол алысып сәлем беріп ағайға,

Келесі де мен де келсем бола ма?,

Деп сұрадым, пендемін ғой күдікпен,

«Иә, кел деді!» ада қылып күдіктен.

 

Содан бастап айналыстым онымен,

Жұмасына мен үш рет барған ем,

Кейін келе оның өзі аз болып,

Бір аптаның алты күнін арнап ем.

 

Талай-талай жекпе-жектер болған ед,

Бірде ұттық, бірде ұтылдық не керек,

Жарыстарда жауың болған жігіттер,

Шын өмірде бауыр болып кеткен ек.

 

Сол ұстазға әлі күнге тәнтімін,

Шәкірттерге арнаушы еді әр күнін,

Талай жасты чемпион ғып шығарды,

Әлі жетпес бұндай іске әр кімнің. 

 

Адамшылық қасиеті мықты еді,

Өз ісіне адалдығы күшті еді,

Елудегі ел ағасы болса да,

Қайнап жатыр, бұлқынған күш, іштегі.

 

Мұсылмандар айтатын бір мақал бар,

«Мұсылман бол – Алла саған жақ болар»,

Денсаулықты күте білсең егерде,

Алланың бір аманаты сақталар.       

 

Денсаулығын, рухын шын шыңдаған, 

Үлгі болды көбімізге бұл ағам,

Алла өзің сүйген құлың қыла гөр,

Иман күшін арттыра гөр! Ей, Аллам!...

 

Есейұлы Нұрболат.

1.02.2015ж.

иман, бокс, Алла, аға, каратэ, қайсенов, нунчак, акробатика
НұрболатНұрболат
9 жыл бұрын 3884
2 пікір
  • "Қуатты мұсылман əлсіз мұсылманнан қайырлы...". Хадис.
    9 жыл бұрын
  • Өз ісіне адал əрі оны махаббатпен орындайтын азаматтар көбейе берсін. Өкінішке орай қазіргі таңда берілген ақшаға қарай ісімізді істейміз, бұрынғыдай "на совесть" істеу деген түсінік азайып кеткен сықылды. Мүмкін капитализм соған итермелейді ма екен. Капитализмнің өмірлік қағидасы бар "ничего личного, это бизнес". Осы қағидасы қанымызға сінбесе болғаны.
    9 жыл бұрын
Блог туралы
0
6817 27 64 8 28