Әкемнің айтқан дұғасы....
Әкемнің айтқан дұғасы....

Әлі есімде, сол бір күн, әлі есімде,

Әкем жатқан, ауырып қал үстінде,

Өтерден бір күн бұрын, болған жағдай,

Айтып ед, бір дұғаны, түн ішінде.

 

Білмеймін, өңім бе әлде, түсім бе екен,

Сол түні, сол дұғаны, естіген ем,

Мен білер аяттарға ұқсамайтын,

Дұғаны бұрын мұндай, естімеп ем.

 

Арабша айтылғаны, анық еді,

Құранның мақамын мен танып едім,

Дұғаның мәнін білгім келсе дағы,

Сұрауға бата алмай, қалып едім.

 

Ертеңі, таң атқан соң үйге кеттім,

Жұмыстан шақыртып ед, жедел жет деп,

Түн іші телефонмен хабар жетті,

«Жан әкең, өтті өмірден!» кері қайт, деп.

 

Осылай тағдыр басқа жазғаннан соң, 

Әкешім бұл жалғаннан кете бардың,

«Анаңның жанына қой!», деген едің,

Сөзіңді соңғы айтқан орындадым.   

 

Әкең мен анашыңнан артық кім бар,

Тек айтып жақсылығын ұлықтаңдар,

Оларды әр дұғаңда еске алып,

Артынан бағыштауды ұмытпаңдар.

 

Жаратқан Жаннатынан орын берсін,

Ата-анам қол ұстасып бірге жүрсін,

Кәусардың суын ішіп, шөлін басып,

Жұмақтың бақшасынан жеміс жесін!

 

Жаратқан мен өзіңнен сұрайыншы,

Дұғасын әкем айтқан қабыл қылшы!,

«Жоқ дейді игіліктің, ерте кеші»,

Дұғама бәріңіз де «Әумин!» деші...

 

 

Есей Нұрболат.

23.02.2016ж.

дұға, әкем
НұрболатНұрболат
9 жыл бұрын 3604
0 пікір
Блог туралы
0
6817 27 64 8 28