Тағдыр
Тағдыр

Бисмиллаһир рахманир рахим.

 

Бір пенде ұрпақ сүйіп той тойласа,    

Бір пенде баласы өліп жұтар қайғы,

Бір пенде жұбын тауып отау құрса,

Бір пенде бар отауын ойрандайды.

 

Бір пенде жұмысында өрлеп жатса,

Бір пенде жұмыссыз қап жаутаңдайды,

Бір пенде маңдай термен тамақ тапса,

Бір пенде өкіметтен ақша ұрлайды.

 

Бір пенде балаға асты үйіп-төксе,  

Бір пенде балаларын аш тастайды,

Бір пенде жоқ-жітікке көмектессе,

Бір пенде зинаға деп ақша ұстайды.

 

Бір пенде намаз оқып, дұға қылса,

Бір пенде құдай жоқ деп ант ұрады,

Бір пенде Алла үшін шаһид болса,

Бір пенде шайтан үшін жан қияды. 

 

Тағдыр деген осылай болады екен,

Өмір деген қара-ала жолақ екен,

Ағынан қарасы аз болсын десең,

Күнәдан аулақ жүру керек екен.

 

Дұға қылып, Алладан пана сұра,

Тағдырдың өзгеруін қаласаңыз,

Пәледен құтқарады панасына ап,

Алланың сүйген құлы бола алсаңыз!

 

 

Есей Нұрболат.

02.05.2015ж. өңделді.

НұрболатНұрболат
2 года назад 475
2 комментария