Адал жар
Адал жар

Бисмиллаһир рахманир рахим

 

Адал жар,

Адал жарға, күйе жақпа адамдар,

Алла бар,

Күйе жақсаң, Алла сені жазалар.

 

Пайғамбар,

Пайғамбарым, өмір сүрген заманда,

Болған еді,

Пәк жұбайын, қараламақ болғандар.

 

Шүкір Алла,

Шүкір Алла,  нәсіп еттің адал жар!

Тіл-көз тасқа,

Тіл-көз тасқа, мен сүйетін адам бар.

 

Ол кім десең,

Қуанышпен, мен айтайын ендеше,

Ол жан-жарым,

Ұл-қызымның анасы, Алла қосқан жұбайым.

 

Ей, Алла,

Қосағыммен қоса ағарып,

қартаюды нәсіп ет,

Жан-жарыма, суық қылма,

Күннен күнге ғашық ет.

 

Балаларым,

Ұл мен қызым, ұрпағымды – асыл ет,

Иманды қыл,

Ибалы қыл – жолатпа қайғы-қасірет.

 

Өзіңе Алла,    

Құлшылық қылған, құлдарың етіп өсіргін,

Білмей де, біліп,

істеген егер, күнәміз болса кешіргін.  Әмин.

 

19.05.2015ж.

Алла, адал, жар, ұл, қыз, пайғамбар
НұрболатНұрболат
2 года назад 702
1 комментарий