Қажылық өтеу - арманым
Қажылық өтеу - арманым

Бисмиллаһир рахманир рахим

Мейрімді, Рақымды, Жаббар, Алла,
Мақтауға лайықсың тек сен ғана,
Құлдарың күнә жасап қойса егер,
Кешірші, пендеңді сен қаһарға алма.

Ашһаду әллә илаһа илаллаһ,- деп,
Ашһаду әннә Мұхаммад расул Аллаһ,- деп,
Аллаһтың бір екенін мойындап біз,
Мұхаммед соңғы елші деп айтып жүрміз.

Оқыған намазымды қабыл қыл деп,
Әр намаз біткеннен соң дұға етеміз,
Өлген соң сұралатын бірінші амал,
Сауабы оқығанға ұшан теңіз.

Амалым ұнаса деп бір өзіңе,
Құлың жүр шамасынша ғибадат қып,
Тажуидпен оқу қолдан келмесе де,
Үйреніп жүр қаріптеп Құран оқып.

Жыл сайын ораза айы туған кезде,
Отыз күн Оразаны ұстап жүрміз,
Садақа беру бізге сауап қой деп,
Жәшікке тиын-тебен тастап жүрміз.

Алланың беc парызын орындау шарт,
Болса егер мұсылманда ақшасы көп,
Үш парызды атқару қолдан келер,
Қанша кедей болсаң да ақшаңыз жоқ.

Шаһадат, намаз бенен оразаны,
Мұсылман қиналмастан орындайды,
Зекет беру, қажыға бару жағы,
Қаражатың болмаса қиындайды.

Жұма намаз оқыған жамағатпен,
Кедейге барып келген қажыға тең,
Қажылық бізге нәсіп болмады деп,
Тағдырыңа налыма бекерге сен.

Үмітсіз шайтан ғана бұл жалғанда,
Өтпеген бұл жалғаннан кім арманда,
Адамға ең керегі үміт үзбеу,
Жақсы арман жетелейді тек қана алға.

Алланың жердегі үйі Қағба екен,
Тәу етіп барып қайту арман екен,
Барғандар Пайғамбарды зиярат қып,
Мұхаммедке салауат арнап өткен.

Жаратқан Раббына жалбарынып,
Күнәдан тазартуын сұрайды екен,
Қағбаның қара тасын қолмен ұстап,
Ағыл-тегіл тоқтамай жылайды екен.

Көзден аққан жаспенен күнәң жуып,
Тазартып жүзіңізді шырайлы еткен,
Аллаһым Мейрімді де, Рақымды,
Сүйіншілер момын құлын тек Жаннатпен.

Үмітпен Аллаһымнан мен сұраймын,
Қажылық бізге де сен нәсіп ет деп,
Лайықты құл болуға тырысамын,
Сұрауымды аяқсыз қалдырма тек.

Есей Нұрболат.

Қағба, қажылық, зекет, Аллаһ, шаһадат
НұрболатНұрболат
2 жыл бұрын 431
2 пікір