Фейсбукта ашып қалсаң бас парақ
Фейсбукта ашып қалсаң бас парақ

Бисмиллаһир рахманир-рахим

 

Фейсбукта ашып қалсаң бас парақ,

Не ойланып отырсыз? деп басталар,

Оң жақтағы тізімге көз салсаңыз,

Онлайн отырады қосқандар.

 

Кейі оның сұп-сұры боп тұрады,

Ал кейінің жанған жасыл шырағы,

Бұлар нені ойлайды? деп қарасаң,

«Чат»та отырып әңгіме-өсек құрады.

 

Бейтаныстар мені қос деп сұрайды,

Қоспай қойсаң жылт-жылт етіп болмайды,

Жарайды деп қоса салсаң біреуін,

Тағы онбесін тізіміңе жалғайды.

 

Дәл ортада жаңалықтар орнайды,

Бәрі бірдей көңіліңе толмайды,

Керектісін зорға іздеп табасың,

Керексізі нәпсіні тек арбайды.

 

Бірі түскен фотоларын салады,

Ал біреуі өткенді еске алады,

Кейбіреуі Ютубтен көшіріп,

Еш мәні жоқ видеоны қояды....

 

...Осыларды қарадым да, ойландым,

Уағыз өлең жазуды мен қолға алдым,

Құран оқып білім жиған адамды,

Алла өзі жарылқайды, қорғайды.   

 

Құранды еш қолға алмаған ұлдар бар,

Күнә істен тиылмаған қыздар бар,

Бірі әже, бірі ата болса да,

Жаратқанын танымайтын құлдар бар.

 

Ойлағаны тек нәпсінің қалауы,

Байлық жинау, бастық болу арманы,

Ұл-қызына қарайтұғын уақыт жоқ,

Сұрағанын алып берсе болғаны.

 

Сұрағанын ала берсең қарамай,

Ойнап жүріп от басса егер жылама,

Бабаларым «баланы жастан» деп айтқан,

Құран үйрет, уағыз тыңдат балаңа.

 

Жақсы көрсең туған ұл мен қызыңды,

Өнеге бол, тәрбиеле өзіңді,

Күнәлардан өз-өзіңді тыйа алсаң,

Өткізесің оларға айтқан сөзіңді.

 

Имансыз құл мешітке бас сұқпайды,

Бар байлығын күнә іске жұмсайды,  

Бұл жалғанда еш тәубеге келмесе,

Тозақ оттан жалынса да шықпайды.

 

Ал иманға келсе балаң егер де,

Еңбегіңіз кетпегені бекерге,

Алла берген мына қысқа өмірде,

Нәсіп қылар бес парызын өтеуге.

 

Есей Нұрболат.

 

уағыз, Алла, фейсбук, байлық, әже, ата, чат
НұрболатНұрболат
2 жыл бұрын 440
1 пікір